ПОДЕЛИТЬСЯ
08 желтоқсан 2023 | 12:41
"АрселорМитталмен" келісім: Қазақстан мәміле құнын 3,5 миллиардтан 286 миллион долларға дейін төмендетті
Үкімет пен ArcelorMittal корпорациясы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ны Қазақстанға беру туралы келісім жасасты. Келісімнің егжей-тегжейін өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Үкімет пен ArcelorMittal корпорациясы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ны Қазақстанға беру туралы келісім жасасты. Келісімнің егжей-тегжейін өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министр биыл тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да болып жатқан апаттар аясында компанияның өзінің инвестициялық және өзге де міндеттемелерін елеулі түрде бұзғанын атап өтті. Сол кезде Мемлекет басшысы АМТ үшін қазақстандық нарықта одан әрі болудың тиісті салдары алынып тасталмағанын атап өтті.
Осы уақытта Қазақстан Үкіметі "АрселорМиттал Теміртау" иелерімен ArcelorMittal компаниясының металлургиялық комбинат құрамынан шығуы туралы келіссөздер жүргізіп үлгерді. Олар 2022 жылдың 3 қарашасында АМТ еншілес кәсіпорны – Ленин атындағы шахтада болған қайғылы апаттан кейін басталды. Қазақстан Үкіметі "АрселорМиттал Теміртауға" нақты талаптар қойды.
Қарқынды келіссөздер нәтижесінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасында "Standstill Agreement" келісіміне қол қойылды, бұл қазақстандық тарапқа кәсіпорынды бағалау мен аудит жүргізуге мүмкіндік берді.
Министр келіссөздер барысында ArcelorMittal компаниясы халықаралық консультанттардың есептеулеріне сәйкес келмейтін 3,5 миллиард доллар сұрағанын атап өтті.
"Бұл келіссөздер процесінің ұзаққа созылуының негізгі себептерінің бірі болды. Біздің мақсатымыз қымбат және ұзаққа созылған халықаралық сот процестеріне жол бермей, комбинатты әділ бағамен сатып алу болды. Келіссөздердің жеделдігі мен шұғылдығы кәсіпорынның тоқтап қалуына жол бермеу қажеттілігінен туындады", - деді Қанат Шарлапаев.
Оның айтуынша, келіссөздер процесі 11 раундтан тұрған, нәтижесінде екі тарап та принципті ұстанымға қолжеткізді.
"Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы келісімді мега-мәміле деп атауға болады, ол біздің еліміз үшін айрықша маңызға ие. Біз басқа елдердің үкіметтері тап болған көптеген тәуекелдерден аулақ болдық", - деп атап өтті министр.
Ол сондай-ақ жасалған мәміленің үш негізгі элементін айтты:
- Мемлекет активтердің құнын 3,5 миллиард доллардан 286 миллион долларға дейін төмендетті;
- Мәмілені іске асыруға мемлекеттік бюджеттен бір де-бір теңге жұмсалған жоқ;
- Жаңа инвестор ArcelorMittal бас компаниясы алдында 4 жыл ішінде 250 миллион доллар қысқа мерзімді қарызды және 450 миллион доллар ұзақ мерзімді қарызды өтеу бойынша міндеттемелерді өзіне алады.
"286 миллион доллар – бұл толық жұмыс істейтін екі кәсіпорынның құны екенін ерекше атап өткім келеді. Сонымен қатар, ArcelorMittal Қазақстан Үкіметіне ешқандай талап қоймайды. Келісімге халықаралық заңнамаға толық сәйкес құқықтық өріс шеңберінде қол жеткізілді", - деді Қанат Шарлапаев.
Сонымен қатар, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Әділет министрлігі өкілдерінен құралған қазақстандық келіссөздер тобы ArcelorMittal компаниясын "Қазақстан халқына" қайырымдылық қорын қолдау үшін 16 миллиард теңгеге жарна жасауға көндіргені айтылды.
Қорға АМТ-дан түсетін қаражат Қарағанды облысы тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға жұмсалады. Бұл ретте осы соманың 50 пайызы Теміртау қаласының қажеттілігіне жұмсалады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также