Артық төлем 71 миллиард теңгеден асқан: Қазақстанда 5 микроқаржы ұйымы жабылды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Қазақстанда 5 микроқаржы ұйымы жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда 5 микроқаржы ұйымы жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігі заңнама талаптарын айналып өтіп, азаматтарға несие ұсынатын заңсыз микроқаржы ұйымдарының жолын кесу бағытында жұмыс істеп жатыр.

Мұндай ұйымдар заңды несиелеу түрінде қызмет көрсеткенімен, шын мәнінде қарыз алушыларға түрлі қосымша төлемдер мен пайыздарды, сақтандыру жарналарын міндеттейді. Салдарынан азаматтар өзіне жүктелген қарызды бірнеше есе көп пайызбен төлеуге мәжбүр болып, қаржылық қиындыққа тап болады.

Реклама
Реклама

"2025 жылдың басынан бері агенттік 5 заңсыз микроқаржы ұйымының қызметін тоқтатты. Бұл ұйымдардан 300 мыңнан аса азамат зардап шеккен, олардың жалпы артық төлем сомасы 71 млрд теңгеден асқан. Қарыз алмас бұрын, оның шарттарын мұқият оқып, түсініп алыңыз", - деп ескертті агенттік өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама