21 мамыр 2020 | 21:19

"Артына толағай еңбек қалдырып кетті" - белгілі этнограф Бейсен Құранбек туралы естелігін бөлісті

Болат Бопайұлы мен Бейсен Құранбек

ҚР Жазушылар одағының, ҚР журналистика одағының мүшесі, қазақ ұлттық әдет-ғүрып, салт-дәстүр акедемиясының акедемигі, этнограф жазушы Болат Бопайұлы танымал тележурналист Бейсен Құранбек жайлы естелігін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Жазушылар одағының, ҚР журналистика одағының мүшесі, қазақ ұлттық әдет-ғүрып, салт-дәстүр акедемиясының акедемигі, этнограф жазушы Болат Бопайұлы танымал тележурналист Бейсен Құранбек жайлы естелігін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Болат Бопайұлы "Айтуға оңай" ток-шоуының бас кеңесшісі болған. Этнографтың сөзінше, ол тележурналистпен төрт жыл бұрын сол бағдарламада бас кеңесішісі болып бірге жұмыс атқарған. 

Реклама
Реклама

"Қайран, жас өмір...Кетіп қалды. Бірақ артына толағай еңбек қалдырып кетті. Қазақ телевизиясының осы ғасырдағы жаңа жарқын жағымды бейнесін жасап, сомдап кетті. Журналистиканың ғылым екенін, жалынды жапалы жүмыс екенін, үлкен ұжым екенін, жұмыла көтеретін ауыр жүк екенін өз іс-әрекетімен дәлелдеп кетті. Жалпы халықпен етене жақын жүріп, тығыз байланыс жасап, тоқтаусыз қызмет етудің үлгісі мен өшпес өнегесін өзі атқарып, тайға таңба басқандай етіп, айқындап артқы ұрпаққа ұлағаттап тастап кетті. Берекенің, бірліктің алмайтын қамалы болмайтынын көрсетіп өтті. Тележүргізушіліктің ең жоғары жүргізу шеберлігі мектебінің тірі бейнесіндегі оқулығын өз бейнесімен көрсетіп өтті. Халықтың бар қажеті мен мұңын мың құлақты періште көңілмен тыңдады.

Сан-сауалына мың тілмен жауап тауып айтты. Халық көкірегіндегі , көп сүрақтарды көреген көзбен көрді, қалай шешудің жолын білді. Айтқандарының бәрін шешті, мойнына алған халық парыздарын түгел орындады. Берем деген нәрселеріне түгел қолын жеткізді. Сертін сеніммен атқарды. Сол арқылы осы ғасырдағы адамзат баласының ең жоғары деңгейдегі адамгешілік қасиетін әлем елдері алдында, көгілдір экран арқылы көрсетіп, күллі адам баласының көкірегінде, мәңгілікке алтын шам шырақ болып маздап жанып қалды. Ұлылық - қарапайымдылықта екенін; қара халықта екенін; қарапайым жүмыста екенін; береке - бірлікте екенін; кішпейілдікте екенін; ар мен үиятта екенін; мәдениет пен өнерде екенін; ұлтын қалтқысыз сүйуде екенін; әділет - шындықта екенін; достық - мейрімділікте екенін; жақсылық - адалдықта екенін; отанын сүйу отбасынан бастау алатынын; санаулы ғүмырды саналы, сапалы жүмыс істеуге арнау керек екенін өз өмір өнегесімен көрсетіп кетті.

Жалыны жарық етіп сөне салатын аз өмірді қалай мәнді өткізу керек екенін тоқсан-тоғыз жақтан толық дәлелдеп кетті. Бекең, дәлелдемеген ештеңе қалған жоқ, бәріне үлгерді. Үлгіні өнеге етіп тіктеді. Міне, өмір осылай деп өтті де кетті. Бекеңнің әр басқан қадамы - алтын, әр айтқан сөзі - жақұт, әр қимылы үлгі мен өнеге. Әр жазған жазуы - тарих.

Марқұмның жатқан жері жаннат, топырағы торқа болсын. Өмірдегі өнегесі үрпақтарға ұлылық боп дарысын. Болашақ Бейсен Құранбек мектебі ашылады. Оқушылары дайын", - деп бөлісті этнограф. 

Айта кетейік, 18 мамырда танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек қайтыс болғаны туралы хабарланды. Ол қатерлі ісікпен ауырған, бір жылдан аса ем алған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная