ПОДЕЛИТЬСЯ
15 шілде 2020 | 15:35
Аружан Саин 42 500 теңгені берудің жаңа жолын ұсынды
Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин 42 500 теңгені отбасындағы балалар санына қарай беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин 42 500 теңгені отбасындағы балалар санына қарай беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"42 500 теңгені төлеу мәселесіне тоқталайын. Ақшаның көлеміне қатысты өз айтарым бар. Біз карантин болмайтын шығар деген үмітте болдық. Менде төлемді балалар санына қарай беру бойынша ұсыныс болды. 42 500 теңгені алатын ересек адамда 3 баласы немесе 1-5 баласы болуы мүмкін. Менің білуімше, Ресей Федерациясы отбасыға арналған барлық көмекті балалар арқылы берді. Яғни олар әр балаға берілетін көмекті есептеді. Менің ойымша, бұл ақылға қонымды", - деді Аружан Саин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook-тегі парақшасында өткен тікелей эфирде.
Оның айтуынша, бір ересек адамға 42 500 теңге жетеді. Алайда оның балалары болса, жағдайы қиындау.
Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкіл қаржы және еңбек министрліктеріне 42 500 теңгені берудің әдісін қайта қарауды ұсынды.
Айта кетейік, кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 42 500 теңгені алу үшін қашан және қайда өтініш беретінін айтқан еді.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға созылатынын, мұқтаж жандарға 42 500 теңге берілетінін айтқан еді.
Показать комментарии
Читайте также