ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қазан 2020 | 07:28
"Арықтың суын ішеді". Блогерлер Түркістан облысында ауыл тұрғындарының шағымын видеоға түсірді
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Құрама ауылының тұрғындары арықтың суын ішуге мәжбүр еткен жергілікті әкімнің үстінен шағымданды. Бұл туралы YouTube желісіндегі LIFE KZ каналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Құрама ауылының тұрғындары арықтың суын ішуге мәжбүр еткен жергілікті әкімнің үстінен шағымданды. Бұл туралы YouTube желісіндегі LIFE KZ каналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
LIFE KZ авторлары Ринат Кибраев және Валерий Кудрявцев ауылға келіп, жиналған тұрғындардан сұхбат алды. Олар бірнеше жылдан бері таза су іше алмай, жарықты дұрыс пайдалана алмай отырғанын айтты.
"20 жылдай уақыт болды. Я су жоқ, я жарық дұрыс жанбайды. Бір күн болса, бір күн жоқ. Қыста өшіп қалды. Міне, судың ахуалын көрдіңіздер. Су әкеліп береміз деді. (...) Одан аудан әкіміне бардық, шықпады. Орынбасары шықты да қашып кетті. Ешкім құлақ асқан жоқ", - деді жергілікті тұрғын.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, әкімдіктегілер алдайды, "осы жылы мәселені шешеміз" дегенмен жыл аяқталып қалған.
"Әкімдіктегілер елді мекенде жоқсыңдар дейді. Қалай жоқпыз? Біз 20 жылдан бері осы жерде тұрамыз. "Нұр Отанға" барсақ, "сендерге ақша бөлінген, әкімдіктегілерден сұраңыз" дейді. Олар ақша жоқ дейді", - деп шағымданды тұрғын.
Кейін жиналғандардың жанына көрші жатқан Жартөбе ауылының әкімі келді. Ол суды көлікпен жеткізуге уәде етті. Бірақ ауылдықтар оған сенбеді.
Сюжет соңында видео авторлары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті мәселеге назар аударуға шақырды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также