27 маусым 2019 | 16:02

Арыс 17 секторға бөлініп жөнделеді

© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Арыс 17 секторға бөлініп жөнделеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Арыс 17 секторға бөлініп жөнделеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, әрбір секторға 17 аудан-қала әкімі бекітілді. Олардың әрқайсысының жанында 40 жауапты қызметкерден болады. Сол жауаптылар аптаның соңында тұрғындар қалаға кіргенде үйлеріне орналастырады. Сонымен қатар әрбір баспананың зақымдануын фото-видеоға түсіріп, актілер жасаумен айналысатыны айтылады.

Реклама
Реклама

"17 сектор 17 облыс әкімдігіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөліп берілді. Әрбір облыстан 10 бригададан, жалпы саны 1500-ден астам құрылысшылар келіп, жөндеуді бастайды. Облыстың өкілдері келіп, бекітілген секторларды аралап, тиісті жұмыстарға кірісті", - деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев.

Ал қорғаныс саласының мамандарына берілген міндет бойынша қаланы сенбіге дейін жарылғыш оқ-дәрілерден толықтай тазартып шығуы керек екен.


© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еске салайық, мұның алдында Арыста дезинфекция жұмыстарының басталғаны хабарланған болатын.

"Арандатушыларды тыңдамаңыздар!" - Шүкеев Арыс тұрғындарына

24 маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарылған болатын. Кейінірек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа барып, жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная