30 маусым 2019 | 15:40

Арыс қаласының 340 оқушысы жазғы лагерге аттанды

30 маусымда Арыс қаласының 140 оқушысы Ақмола облысындағы Бурабайға оқушылар лагеріне демалысқа кетті, ал 200 оқушы Нұр-Сұлтан қаласына жол жүрді. Олардың қауіпсіздігіне тәлімгерлер жауап беретін болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

30 маусымда Арыс қаласының 140 оқушысы Ақмола облысындағы Бурабайға оқушылар лагеріне демалысқа кетті, ал 200 оқушы Нұр-Сұлтан қаласына жол жүрді. Олардың қауіпсіздігіне тәлімгерлер жауап беретін болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Арыстық балаларды демалысқа жіберудегі басты мақсат - төтенше жағдай факторлары салдарынан мектеп оқушыларына психологиялық көмек көрсету. Осы орайда жиыны 340 оқушыны ата-аналары Шымкент қаласындағы теміржол вокзалынан шығарып салып, сәт-сапар тіледі.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Арыс қаласында 40 мектеп бар, мұнда 19 916 бала білім алса, мектепке дейінгі ұйымдарда 5071 бала тәрбиеленіп жатыр.

Жалпы, бүгінгі күнге дейін арыстық 570 бала жазғы саяхатқа жіберілді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная