ПОДЕЛИТЬСЯ
28 маусым 2019 | 08:27
Арыс көмек көрсету қорына қазақстандықтар 721 миллион теңге аударды
Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету қорына 721 миллион теңге аударылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету қорына 721 миллион теңге аударылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Арыс қаласының ашық қор есебіне 721 миллион теңге жиналды. Сондай-ақ, киім, азық-түлік, гигиена заттары да жеткізілді", - деді Шөкеев брифингте.
Естеріңізге сала кетейік, 24 маусымнан бастап Түркістан облысының "Түркістан" әлеуметтік даму Корпоративтік қоры, Арыс қаласында зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинау мақсатында ұйымдастырылған.
Нұрсұлтан Назарбаев, Тұңғыш Президент Кеңсесінің қызметкерлері, Қасым-Жомарт-Тоқаев және Президент Әкімшілігінің қызметкерлері Арыс тұрғындарына қаржылай көмек көрсеткені белгілі.
"Түркістан" корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері:
Түркістан обласы
Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты,
Пошта индексі 161200
БСН (БИН)100440016000
«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы
ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540
БСК (БИК) IRTYKZKA
Halyk Bank картасы: 4031 6708 2224 4526
Сондай-ақ, қайырымдылық көмек көрсету мақсатында жеке тұлғалар "Түркістан" әлеуметтік даму қорының корпоративтік картасына қаражат жібере алады:
4042 4583 0000 0843 ДӘУРЕНБЕК ҚҰРБАНИЯЗОВ Қордың директоры: Құрбаниязов Дауренбек, +7 771 893 35 36.
Показать комментарии
Читайте также