08 тамыз 2019 | 14:37

Арыста 6 мыңнан аса үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

© Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Арыстағы 6,8 мың үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Арыстағы 6,8 мың үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 8 тамыздағы жағдай бойынша Арыс қаласындағы 6,8 мың тұрғын үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 2,1 мың тұрғын үйде шағын жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, 7 мыңнан аса маманның қаланың қираған тұрғын үй қорын құрып жатқаны айтылады. Секторлардағы барлық құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде және тұрақты бақылауда тұр.

"77 үйде үй иелерінің келіспеуі немесе меншік иелерінің орнында болмауы себебінен жұмыстар әлі басталған жоқ. Халықпен арадағы барлық даулы мәселелерді 17 сектордағы өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінің өкілдері пысықтап жатыр", - делінген министрліктің сайтында.

Еске салайық, әскери полигондағы жарылыстардан Арыс қаласының тұрғын үй қорының 85 пайызы бүлінген еді. 1 тамызға дейін құрылысшылар 6,5 мың ЖТҚ және КПТҮ объектілерін қалпына келтірді, бұл барлық қираған үйлердің 90 пайызы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная