02 шілде 2019 | 17:32

Арыста банк бөлімшелері жұмыс істей бастады

Төтенше жағдайды бастан өткерген Арыс жұртшылығы туған қалаларына оралып, тіршілік қыза түсті. Арыстағы барлық банк бөлімшелері ашылып, жұмысын бастап кетті. Тұрғындарға жалақы, атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы және жәрдемақы аударылып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдайды бастан өткерген Арыс жұртшылығы туған қалаларына оралып, тіршілік қыза түсті. Арыстағы барлық банк бөлімшелері ашылып, жұмысын бастап кетті. Тұрғындарға жалақы, атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы және жәрдемақы аударылып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қаладағы сауда орындары мен базарларда, дүкендерде азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар мен бұйымдар, тауарлар сатылып жатыр. Ұн, макарон өнімдері, киім-кешек, көкөніс сатылымға шықты. Мал базары да ашылды. Кәсіпкерлер қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.

Реклама
Реклама

Ал дүкеніне зақым келген кәсіпкерлерге нысандарды жөндеу үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Оларға арнайы секторларға бөлінген құрылысшылар көмектеспек. Нысандар қысқа мерзімде жөнделеді.

Арыс қаласында 340-тан астам кәсіпкерлік нысаны бар. Оның ішінде 164 дүкен, 5 базар, 8 тойхана, 28 кафе, 6 наубайхана, 5 дәмхана, 5 қонақ үй тіркелген. Осы нысандардың зардап шекпегендері қалыпты жағдайда жұмысқа кірісіп кетті.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная