26 шілде 2019 | 12:07

Арыста бір тәулік ішінде тағы 133 үй қалпына келтірілді

Камила Долаева Журналист

26 шілдеге дейін Арыс қаласында қалпына келтірілген үйлердің саны 2312-ге (бір күн бұрын 2179) жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

26 шілдеге дейін Арыс қаласында қалпына келтірілген үйлердің саны 2312-ге (бір күн бұрын 2179) жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағы 5 мыңға жуық жеке тұрғын үй мен көп қабатты үйлер еліміздің 14 өңірі мен Республикалық маңызы бар үш қаланың күшімен жөнделіп, қайта тұрғызылып жатыр.

Реклама
Реклама

Арыс қаласының 17 секторын қалпына келтіруге барлығы 7,5 мыңнан астам құрылысшы тартылған. Жұмыс Ақтөбе облысының секторында белсенді қарқынмен жүріп жатыр, онда 355 үй қалпына келтірілді, Батыс Қазақстан облысында (290 үй) және Қызылорда облысында (177 үй).

Еске салсақ, төтенше жағдай болған алғашқы күндерден бастап Арыс қаласында жүрген ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев тарапынан құрылыс жұмыстарының барысына күн сайын мониторинг жүргізіледі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная