ПОДЕЛИТЬСЯ
26 шілде 2021 | 21:49
Арыста екі жыл бұрын болған жарылыстар: сот үкімі шықты
Шымкент гарнизонының әскери сотында Арыс қаласында болған жарылыстар туралы іс бойынша айыпталушыларға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкент гарнизонының әскери сотында Арыс қаласында болған жарылыстар туралы іс бойынша айыпталушыларға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сотқа 16 адам тартылды. Оларға қызметке немқұрайды қарау, қызметтік міндеттерін орындауды бақылаудың жоғы, оқ-дәрілермен жұмыс істеу ережелерін бұзу, күзеттің техникалық құралдарын монтаждауға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру бойынша айып тағылды.
"Сот 2019 жылы Арыс қаласында болған жарылыстарға байланысты қылмыстық істі қарауды аяқтады, жарылыстардың салдарынан үш адам қаза тауып, 30-дан астам адам дене жарақатын алды. Прокурорлар сотталушыларға 4 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және азаматтық талаптарды қараусыз қалдыруды сұрады. Сотталушылар мен адвокаттар айыпталушыларды ақтап, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Іс бойынша 1 473 жәбірленуші болғаны атап өтілді.
"Қорғаныс министрлігі мен әскери бөлімнің басшылық құрамдары қызметке немқұрайды қарау, атап айтқанда қызметтік міндеттердің орындалуын бақылау жөніндегі шараларды қабылдамауға және оқ-дәрілермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу бойынша кінәлі деп танылды.
Техникалық күзет құралдарын монтаждауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін аудандық эксплуатациялық бөлімінің басшылығы мен әскери бөлімнің командирі 7 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға қосымша жаза тағайындалды - мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығына өмір бойына тыйым салу", - деп толықтырды соттағылар.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Тараптар үкіммен келіспеген жағдайда жоғары тұрған сотқа шағым беруге құқылы. Қылмыстық іс 550 томнан тұрды.
"Қатысушылар санының көптігіне және сот отырыстарының тиісті залының қажеттілігіне байланысты сот істі режимдік объектіде - әскери бөлімде қарады, оның аумағына азаматтарды оның қолбасшылығының рұқсатымен ғана кіргізуге болады. Ұялы байланыс сигналдарын басатын арнайы жабдықты пайдаланатын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әскери бөліміне тікелей жақын орналасқандықтан үкімді жария шығаруға техникалық мүмкіндік болмай, онлайн қосылу ұсынылмады", - деп түсіндірді соттағылар.
Еске салайық, 2019 жылғы 24 маусымда Арыс қаласында оқ-дәрі қоймасында бернеше жарылыс болған. Нәтижесінде үш адам қаза болды: бір бейбіт тұрғын және екі әскери қызметші. 200-ге жуық адам зардап шекті, оның ішінде балалар да бар. Арыс қаласының барлық тұрғынын эвакуациялауға, ал қаланы "қайта" салуға тура келді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также