ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қыркүйек 2019 | 15:55
Арыста жүргізілген ауқымды жұмыс бәріміз үшін баға жетпес тәжірибе болды - Шөкеев
Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан құрылысшылар жұмыстарын уақтылы аяқтап, елдеріне қайтып жатыр. Бүгінде бірқатар секторда күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Бұл туралы бүгін Арыста өткен жоспарлы аппараттық жиынында айтылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан құрылысшылар жұмыстарын уақтылы аяқтап, елдеріне қайтып жатыр. Бүгінде бірқатар секторда күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Бұл туралы бүгін Арыста өткен жоспарлы аппараттық жиынында айтылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төрағалық еткен отырыста Арыста атқарылып жатқан жұмыстар мен жол, кәріз жүйесі мен құжаттандыру мәселесі жайлы соңғы мәліметтер сөз болды. Жарылыстан 8 мыңнан астам тұрғын үйдің 7634-і зақымданған болса, оның 500-ге жуығы мүлдем жарамсыз күйге түскен болатын. Ал, толық сүріліп тастап, қайта көтерілген нысандардың тізімінде көпқабатты үш тұрғын үй бар. Бұл күнде бұл үйлердің құрылысы да аяқталуға таяды. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жұмыстарға облыс бойынша 3 мыңға жуық адам тартылды.
"Үш айда толық жаңарған Арыс қаласында жүргізілген ауқымды жұмыс бәріміз үшін бұрын соңды болмаған баға жетпес тәжірибе болды. Аз ғана уақытта тұтас бір қаланы қайта аяққа тұрғызу тарихта болмаған. Бұл еліміздегі бірлік пен ынтымақтастықты айшықтайтын көрініс. Мұндай жағдай енді қайтып басымызға түспесін", - деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.
Жиында Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов көне шаһардағы құрылыс жұмыстарын да баяндап өтті. Бүгінде облыс орталығы 16 секторға бөлініп, оларға облыстың басқармалары мен аудан-қалалары, қалалық әкімдіктің бөлімдері жауапты болып бекітілген. Әкімнің айтуынша, барлық аумақтардың жұмыстары тынымсыз жүргізіліп жатыр.
Бұл ретте Өмірзақ Шөкеев қала басшысына халықпен жұмыс істеп, тазалық мен тәртіпті басты назарда ұстауды тапсырды. Түркістан қаласын көркейту жұмысын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевқа жүктеді. Алдағы уақытта Түркістанда үлгілі көше, аулалар анықталып, үздіктерге қошемет көрсетілетін болды.
Показать комментарии
Читайте также