ПОДЕЛИТЬСЯ
30 маусым 2019 | 12:29
Арыста қанша үй жөндеуден өтеді?
Арыстағы жарылыстан толықтай өртенген үйлер саны - 21. Бұл жеке үйлерде 28 отбасы тұрған. Қазіргі таңда күлі қалған үйлердің орнына жаңадан баспана салынатын болады. Үй иелері уақытша орынға жайғасты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы Арыс қаласында 7700-ден аса үй бар. Олардың көбінің шатыры, есік-терезелері жарылыстан зардап шеккен және барлығы жөндеуден өтеді.
Айта кетейік, арыстықтарға құрылыс-жөндеу жұмыстарына көмек беру үшін еліміздің 16 облысынан және Нұр-Сұлтан қаласынан 170 арнайы бригада келеді. Әр облыс қалада бөлінген секторлар бойынша жұмыс ауқымын бөліп алып, ертеңнен бастап жөндеу жұмыстарына кіріседі. Құрылыс жұмыстары 1 айдың ішінде толық бітеді.
Сондай-ақ, Арыстағы апаттан зардап шеккен тұрғындарға, әсіресе балаларға алғашқы күннен бастап 180 ерікті практик-психолог пен педагог-психолог көмек көрсетуде. Себебі мұндай ауыр соққы алған сәбидің күні ертең қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы өзгеруі мүмкін.
24 мыңнан аса адам эвакуацияланған орталықтарда сәбилердің жан-дүниесіндегі соққыны емдеген гештальт-терапевт психологтар қазір Арыс қаласында да емдік шараларын жүргізуде.
Қазіргі таңда тұрғындардың бастан кешкен эмоцияларын зерттеу, болған оқиғаны түсіндіру – психологтардың негізгі терапиясы болып отыр.
Сондай-ақ еріктілер халық арасында бактериологиялық қару-жарақ, радиация және апаттан көптеген адам қайтыс болды деген ақпараттың жалған екенін түсіндіріп жүр.
Показать комментарии
Читайте также