26 желтоқсан 2019 | 09:21

Арыста қыз алып қашқан жігіт бостандыққа шықты

Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Арыста қыз алып қашқандардың видеосы таралған соң қазақстандық әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары өңірдегі әйелдердің құқығы бұзылғанына наразылық білдірді. Бұл туралы Қазақстанның Әйелдер күші альянсы төрағасының орынбасары Азиза Шужеева Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ол қауымдастық атынан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановпен байланысқа шығып, осы жағдай жайлы әңгімелескенін айтты.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта видеодағы қыз үйінде, ал анасы полицияға шағым түсірген. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қыздың өзі ешқандай шағымы жоқ екенін айтқандықтан, қыз алып қашпақ болған жігіт бостандыққа жіберілді.

"Оңтүстіктегілердің салт-дәстүрі мен менталитеті осындай деп айтпауды сұраймын. Бұл басқа жағдай, бұл жастардың құқық сауатсыздығын білдіреді, олар өздерінің әрекеттеріне жауап бере алмайды. Осы оқиғаға байланысты Қазақстанның Әйелдер күші альянсы барлық ата-анаға, оқу орындарының басшылығына, жастардың тәрбиесімен айналысатын барлық ұйымға үндеу жасайды. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жастардың құқық жөніндегі білімін жетілдіру керек, түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек", - деді Азиза Шужеева.

Еске салайық, мұның алдында Арыста қыз алып қашқандардың видеосы таралған еді. Үш жігіт қызды автомобильге күштеп отырғызған. Куәгерлер жігіттерге қарсылық көрсетпек болған, алайда алып қашқандардың бірі куәгерді құлатып түсіреді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram