ПОДЕЛИТЬСЯ
30 маусым 2019 | 17:45
Арыстағы апат кезінде пойыз жолаушыларына қандай көмек көрсетілді
Биыл 24 маусымда Арыс қаласында болған жарылыстар салдарынан пойыздар қозғалысы шектеліп айналма жолдарға көшкені белгілі. "Шымкент-Арыс-Түркістан" бағыты бойынша темір жолдар толық шектелген еді. Сондықтан "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы осы аумақ арқылы өтетін 13 жолаушы пойызының кестесін өзгертуге мәжбүр болған. Пойыздар "Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу" бағыты бойынша жүріп жатты.

Темір жол жабылған күні Қызылорда облысындағы Сексеуіл станциясында 600-ге жуық жолаушы қайда барарын білмей дал болған. Сексеуіл ауылының тұрғындары жолаушыларға жатын орын мен ыстық тағамдар әзірлеп, дастарқан жайып, барынша күткен. Жолаушылар ауыл тұрғындарына алғыстарын айтып, айналма жолдармен жолға шыққан.
26 маусымдағы тасымалдаушы компанияның мәліметі бойынша, Арыстағы апат болған күннен бері жолда қалған 11 мыңнан аса адам діттеген жеріне бірнеше сағатқа кешігіп жеткізілген.
Показать комментарии
Читайте также