12 маусым 2020 | 12:25

Арыстағы жарылыс: сот отырысы басталды

Шымкент гарнизонының әскери соты былтыр 24 маусымда Арыста болған жарылысқа қатысты қылмыстық істі қарауды бастады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент гарнизонының әскери соты былтыр 24 маусымда Арыста болған жарылысқа қатысты қылмыстық істі қарауды бастады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қылмыстық іс бойынша 16 адамға айып тағылды, 1473 адам зардап шеккендер ретінде танылды. Олардан бөлек, сотқа сотталушылардың адвокаттары мен прокурорлар қатысады. Бірінші сот отырысына 204 қатысушы келді, оның 16-сы сотталушы, 19 адвокат, 3 қоғамдық қорғаушы, 5 прокурор мен 165 зардап шеккен адам", - делінген соттың хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, соттағылардың мәліметінше, санитарлық эпидемиологиялық талаптарды орындау барысында сот залына барлық қатысушы кіргізілмеді.

Еске салайық, былтыр 24 маусымда таңғы уақытта Арыс қаласының маңындағы әскери қойма территориясында снарядтар жарылған болатын. Тұрғындар жаппай қаладан шығып кетіп жатты. Кейін қала толықтай эвакуацияланған еді.

Төтенше жағдайдан үш адам қаза тауып, 200-ден аса адам зардап шеккен болатын.

Арыста жойқын жарылыс болды: Видео мен фото

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная