20 қазан 2022 | 08:45

Арыстағы жарылысқа кінәлілер 97 миллиард теңге өтейтін болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс салдарынан келген шығынды 16 адам өтейді. Бұл туралы Астана қаласының Есіл аудандық соты мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс салдарынан келген шығынды 16 адам өтейді. Бұл туралы Астана қаласының Есіл аудандық соты мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Қорғаныс министрлігі 2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласында оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан келтірілген шығынды өтеуді талап етіп, сотқа арыз берген.

Сотталушылар қызмет барысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқ-дәрілерді сақтау, сату және кәдеге жарату, техникалық бақылауға жауапты болған бұрынғы әскери қызметшілер.  Сотталушының бірі - өрт және күзет дабылын орнатқан ЖШС басшысы.

Реклама
Реклама

"Барлық сотталушылардың оқ-дәрілердің жарылуына кінәсі Шымкент гарнизоны әскери сотының 2019 жылғы 24 маусымдағы заңды күшіне енген үкімімен анықталды.  Сол үкім бойынша Қорғаныс министрлігі мүліктік талаптарды қанағаттандыруға құқылы болды.

Талапкердің талабы жарылыс салдарынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, 44859-әскери бөлімнің, 16752-әскери бөлімнің, 74884-әскери бөлімнің теңгеріміндегі ғимараттарды, құрылыстарды, инфрақұрылымды бұзу, оқ-дәрілерді жою түрінде мемлекетке мүліктік залал келтірілгендігімен негізделген", - делінген хабарламада.

Сот-медициналық сараптама жалпы шығын сомасы 96 37328657 теңге болғанын анықтады.

Сот талап арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.  Оның шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная