20 ақпан 2020 20:37

Арыстан Қабыкенов жаңа қызметке тағайындалды

Арыстан Қабыкенов ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыстан Қабыкенов ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚР премьер-министрінің өкімімен Қабыкенов Арыстан Кенжетайұлы Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Арыстан Қабыкенов 1980 жылы 11 қазанда Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2004 жылы - КИМЭП, 2012 жылы Ноттингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы жекеменшік секторда бастаған. 

2004-2006 жылдары Қаржы министрлігінде түрлі лауазымдарда болды. 2006–2008 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды. 2008-2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді.

2011–2015 жылдары ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық жобалар және талдау орталығында, Өңірлік даму министрлігінде, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінде қызмет еткен. 

2015–2016 жылдары ҚР премьер-министрі кеңсесінің басшысының орынбасары болған.

2016 жылдың қазан айынан бастап 2018 жылғы қаңтар айына дейін Қазақстанның Жапониядағы елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму вице-министрі болып қызмет етті. 

2019 жылдың наурыз айынан қазірге дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram