Арыста 19 үй өртенді

© Тұрар Қазанғапов

Арыста әскери қоймада болған жарылыстар салдарынан 19 тұрғын үй өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Арыста әскери қоймада болған жарылыстар салдарынан 19 тұрғын үй өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қалада 23 өрт сөндіру техникасы жұмыс істеп жатыр, 19 тұрғын үйде және 9 шаруашылық ғимараттарда шыққан өрт сөндірілді, сондай-ақ 14 табиғи өрт шықты - бұл жазықтағы шөп", - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында. 

Қазіргі уақытта снарядтардың жарылуы мен ұшуына байланысты әскери бөлімшенің қоймаларында шыққан өртті сөндіру мүмкін болмай отыр екен. 

Реклама
Реклама

Халықты эвакуациялау, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды. Барлығы 1,2 мыңнан аса адам.

Айта кетейік, 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімнің қоймасында бірнеше жарылыс болып, қала түгелімен эвакуацияланған болатын. Жарылыс салдарынан 2 адам қаза тапқан: бір әскери қызметкер мен бір қала тұрғыны. 

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама