Арыстанбек Мұхамедиұлының ведомствосында жаңа комитет құрылады

© Тұрар Қазанғапов

?Р М?дениет ж?не спорт министрлігіні? жанында Туризм индустриясы комитеті ??рылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы Facebook желісінде Туризм индустриясы департаментіні? директоры Марат И?али жазды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанында Туризм индустриясы комитеті құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Facebook желісінде Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали жазды.

Мәдениет және спорт министрлігінде туризм саласын дамыту мәселелері, сондай-ақ, туризм бойынша уәкілетті органдардың қызметін нығайту мен мәртебесін арттыру мәселелері бойынша жиын өтті.

"Жақын арада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанында Туризм индустриясы комитеті құрылады. Арыстанбек Мұхамедиұлы елдегі туризм қауымдастығының өкілдерімен осы мәселе бойынша сөйлесуге дайын екенін мәлімдеп, Қазақстан туризмін дамытуға белсенді түрде атсалысуға шақырды", - деп жазды Марат Иғали әлеуметтік желідегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Марат Иғали ҚР Президентінің Жарлығы бойынша туризм саласындағы өкілеттіктердің ҚР Инвестициялар және әлеуметтік даму министрлігінен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне өткенін еске салды.

"ҚР Спорт және мәдениет министрі отандық туристік ассоциацияларды 2020 жылға дейін ҚР Туризмінің концепциясын жаңартуға атсалысуға шақырды. Ол Қазақстандағы туристік қоғамдастықтармен осы мәселе бойынша әңгімелесуге дайын екенін тағы да айтып өтті. Қазіргі уақытта туризм саласын дамыту концепциясын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп жазды Марат Иғали.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама