Арзан тұрғын үй, несие: Алматы мен Астанада жұмыс істеген алаяқтық схемасы әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Астанада екі әйел бірнеше жыл бойы мемлекеттік бағдарлама атын жамылып әрекет еткен. Олар алаяқтық схемасын жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада екі әйел бірнеше жыл бойы мемлекеттік бағдарлама атын жамылып әрекет еткен. Олар алаяқтық схемасын жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура мәліметінше, екі таныс 1 млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық жасаған.

"Олар кеңсені жалға алып, жұмыс істеп тұрған ЖШС-ның деректемелерін пайдаланып, азаматтарды жеңілдетілген шарттармен Астана мен Алматыда орналасқан жоғары санатты тұрғын үй алу, сондай-ақ мемлекеттік бағдарлама аясында несие мен қарыз рәсімдеуге уәде беріп, жалған келісімшарттар жасасу арқылы жаңылыстырған.

Олардың әрекеттері нәтижесінде 150 жәбірленушіге 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сот үкімі бойынша, сотталушылардың кәмелет жасқа толмаған балаларының болуын, шығынды жартылай өтеуі жеңілдететін мән-жай ретінде танылып және ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескеріліп, олардың әрқайсысына 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жыл мерзімге материалдық жауапты және басшылық қызметтер атқару құқығынан айырылды. Келтірілген материалдық залал сотталғандардан өндірілген.

Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама