29 тамыз 2023 | 15:07

"Аса маңызды мәселе". Тоқаев қазақстандықтар қайда арызданатынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесуінде сот және құқық қорғау жүйесінің мінсіз жұмысын қамтамасыз ету қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесуінде сот және құқық қорғау жүйесінің мінсіз жұмысын қамтамасыз ету қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, сот және құқық қорғау жүйесінің мінсіз жұмысын қамтамасыз ету қажет. Азаматтардың сот шешіміне, қадағалау және құқық қорғау органдарының қызметіне арыз-шағымы көбейіп барады.

"Жұрт құзырлы органдардан әділдік таба алмаған соң Президент Әкімшілігіне арызданады. Осындай өтініштердің саны азаяр емес. Келіп түскен арыздардың сараптамасы соттың, полицияның және прокуратураның қызметіне қатысты шағым өте көп екенін көрсетеді. Бұл – аса маңызды мәселе. Оны шешуге сіздер тікелей атсалысуларыңыз қажет. Уәкілдердің жұмысына ешкім кедергі келтірмеуі керек. Прокуратура, Үкімет және әкімдер бұл мәселені күн тәртібінен алу үшін оларға барынша қолдау көрсетуге тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная