Асанов, Абаев, Бекетаев және Қасымбек марапатталды

Н?рс?лтан Назарбаев мемлекеттік марапаттар мен сыйларды табыстау р?сімін ?ткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік марапаттар мен сыйларды табыстау рәсімін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Марапатталғандар арасында - Жоғарғы соттың жаңа төрағасы Жақып Асанов, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, әділет министрі Марат Бекетаев және инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. Олар "Парасат" орденіне ие болды. 

"Парасат" ордені 1993 жылы 1 сәуірде бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан Республикасының дамуы мен рухани және зияткерлік әлеуетіне үлес қосқан қайраткерлер марапатталады. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Қазақстан Президенті "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке  "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойған. 

Сонымен қатар,  "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын "Теңізшевройл" ЖШС менеджері Руслан Қуатов және "Жақсылық" ШҚ жетекшісі Жақсылық Үшкемпіроке де берілді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама