Ашаршылық жылдан жылға белең алып келеді - БҰҰ

Ашаршылық жылдан жылға белең алып келеді - БҰҰ © kievpravda.com

Б?? м?ліметтеріне с?йенсек, ашаршылы? ?лем бойынша ?шінші жыл ?атарынан беле? алып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. О?ан ?лемде ?а?ты?ыстарды? к?бейіп, климатты? ауысуы себеп екені айтылады.

БҰҰ мәліметтеріне сүйенсек, ашаршылық әлем бойынша үшінші жыл қатарынан белең алып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Оған әлемде қақтығыстардың көбейіп, климаттың ауысуы себеп екені айтылады.

Агенттіктің мәліметінше, әлемдегі тоғыз тұрғынның бірі ашаршылыққа ұшыраған. Ал 2017 жылы ашаршылыққа ұшырағандардың саны 821 миллион адамға жеткен.

Сондай-ақ, БҰҰ мәліметінше, 51 елдегі 124 миллион адам аштықтан зардап шеккен. Save the Children халықаралық ұйымының өкілдері өз кезегінде 2018 жылдың соңына 600 мың баланың аштықтан қайтыс болуы мүмкін екенін айтады.

Жарнама
Жарнама

Сарапшылардың айтуынша, аштық көрсеткішінің деңгейін төмендету үшін кедейлікпен күресу қажет.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама