ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қыркүйек 2022 | 18:21
Әсел Жанасова сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды
Жанасова Әсел сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жанасова Әсел сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жанасова Әсел Жұбанышқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. Кембридж университетін бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы ENRC Kazakhstan өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастаған.
2016-2017 жылдары - "Зерде" ҰБХ" АҚ басқарма төрайымы.
2018-2020 жылдары - "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.
2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также