ПОДЕЛИТЬСЯ
14 ақпан 2022 | 17:09
Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, Әсем Бекқызы Нүсіпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматыда дүниеге келген. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.
2001-2003 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, Президент Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі болған.
2003-2007 жылдары Қаржы министрінің кеңесшісі, премьер-министрдің кеңесшісі, премьер-министр кеңсесінің Жиынтық талдау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.
2007-2008 жылдары - денсаулық сақтау вице-министрі.
2008-2016 жылдары - "Қазтрансойл" АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
2016-2019 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также