Әсет Әбдуалиев Универсиада директоры болып тағайындалды

Әсет Әбдуалиев. © nurotan.kz

Әсет Әбдуалиев Универсиада директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Универсиада директоры қызметіне Әсет Әбдуалиев тағайындалды. Алматының спорт жобалары дирекциясына ол "Нұр Отан" партиясының Саяси менеджмент мектебінің директоры қызметінен ауысып келді. 

Әсет Әбдуалиев 1984 жылы 8 тамызда Семей қаласында дүниеге келген. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша аяқтаған, Ұлыбританиядағы University of Dundee университетінде Chevening бағдарламасы арқылы оқып, магистр атанған. Сонымен қатар, АҚШ-тың Winthrop University университетінде білім алған. Еңбек жолын ол 2002 жылы бастады. Әр жылдары "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ вице-президенті, "Болашақ" стипендиясының әкімшісі болып қызмет еткен. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінде және халықаралық компанияларда қызмет атқарды.

Реклама
Реклама

Универсиаданың бұрынғы директоры Илья Оразақов "Алматы" телеарнасының бас продюсері болып тағайындалды. Ол 1983 жылы 18 маусымда дүниеге келген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама