Әсет Исекешев пен Сабина Алтынбекова Астана қонақтарына видеоүндеу жолдады

Әсет Исекешев пен Сабина Алтынбекова Астана қонақтарына видеоүндеу жолдады Видеодан алынған кадр

Астана ?аласыны? ?кімі ?сет Исекешев елорда ?она?тарына жолда?ан видео?ндеуінде туристер ?шін барлы? жа?дайды жасау?а у?де берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорда қонақтарына жолдаған видеоүндеуінде туристер үшін барлық жағдайды жасауға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті достар, сіздерді Қазақстан астанасында көруге қуаныштымыз. Ертең халықаралық EXPO-2017 көрмесі ашылады. Әлемнің 115 елінен келген 2 миллионнан аса туристі күтіп отырмыз. Туристеріміз үшін барлық қолайлы жағдайды жасап, осы көрменің олардың естерінде мәңгілік сақталып қалуы үшін барлығын жасаймын. Астанаға қош келдіңіздер!", - деді Әсет Исекешев.

Реклама
Реклама

Әкімнің айтуынша, көрме кезінде 200-ден аса мейманхана мен мейрамханалар жұмыс істейді.

"Тамаша мәдени және спорттық бағдарлама дайындадық. Түрлі саладағы 600-ден аса іс шара өтеді - цирк, опера, театр, джаз, рок. Фестивальдер өтеді, театрлар, саябақтар, спорттық чемпионаттар өткізіледі", - деді Исекешев.

Сондай-ақ, әкімнің видеоүндеуінде танымал спортшы Сабина Алтынбаева, скрипкашы Айман Мұсахаджаева, Назарбаев университетінің ректоры Шигео Катцу мен басқа да адамдар сөз сөйлейді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама