ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 24 наурыз 2019 16:01
Әсет Исекешев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды
Әсет Исекешев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды", - делінген жарлықта.
Әсет Исекешев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін 2018 жылдың 10 қыркүйегінен бастап атқарды. Ол зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты қызметінен босаған Әділбек Жақсыбековтың орнына келген.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу