1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды

Әсет Исекешев. © Тұрар Қазанғапов Әсет Исекешев. © Тұрар Қазанғапов

Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы  болып тағайындалсын", - делінген Мемлекет басшысысының Жарлығында. 

Осы қызметті атарған Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметін басқаратыны айтылды. Талғат Мұхтаров Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары болды.

2018 жылдың 10 қыркүйегінен бастап Әсет Исекешев Президент Әкімшілігінің Басшысы қызметін атқарды. 2019 жылы 25 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалған еді.

Бұрындары Исекешев Астана әкімі болды - 2016 жылдың 21 маусымынан бастап, оған дейін Инвестиция және даму министрі қызметін атқарған. Премьер-министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі болды (2010 жылдан 2014 жылға дейін). 2009-2010 жылдары сондай-ақ Индустрия және сауда министрі болды. 2008-2009 жылдары - Президенттің көмекшісі қызметін атқарды. Сондай-ақ "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды (2006-2008). Бұдан басқа, үш жыл бойы Индустрия және сауда вице-министрі (2003-2006) болды.