ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қаңтар 2021 | 20:19
Әсет Тұрысов цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болды
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Үкімет сайтында.
Бұл қызметте оған дейін Абылайхан Оспанов болған еді.
Әсет Нұрланұлы Тұрысов 1987 жылы дүниеге келген. 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2017 жылы "Нархоз" университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2009 жылы "Қазақтелеком" АҚ-да бастаған. 2010-2011 жылдары - "Қазақтелеком" АҚ электр байланысы инженері. 2011-2012 жылдары - ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті "электрондық үкіметті" дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы. 2012-2014 жылдары - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің жобалық құжаттаманы талдау және ақпараттандыру жаңа моделін қалыптастыру бойынша сарапшы, бас сарапшы. 2014 жылы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК басқарушы директоры. 2014-2017 жылдары - "Қазпошта" АҚ құрылымында жұмыс істеді. 2018 жылғы қаңтардан қазірге дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также