10 қазан 2018 12:10

АШМ өкілдері Қырғызстанның Қазақстаннан жұмыртқа мен құс етін кіргізуге шектеу қоюына қатысты пікір білдірді

© pixabay.com

Қырғызстанның Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан құс еті мен жұмыртқа әкелуге қойған шектеуі құқыққа жат болып саналады. Бұл туралы Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осыған дейін Қырғызстанның Қазақстаннан жұмыртқа мен құс етін кіргізуге шектеу қойғаны жайлы хабарланған болатын. Шектеудің құс тұмауы мен Ньюкасл дертіне байланысты эпизоотиялық жағдай анықталғанша сақталатыны айтылған еді.

Реклама
Реклама

Министрліктегілердің мәліметінше, Алматы облысында соңғы 10 жылда құс аурулары тіркелмеген. Ал Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында жарияланған құс Ньюкаслы індеті бойынша карантин 2018 жылдың 19 қыркүйегінде алынып тасталған. 

"Осыған байланысты Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан құс еті мен жұмыртқаны әкелуге Қырғыз Республикасының енгізген шектеулері құқыққа жат болып табылады. Тиісті хат Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік бойынша Мемлекеттік инспекциясына жіберілді", - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram