02 тамыз 2019 | 09:05

Ашуға булыққан жұрт Қорғастағы қойманы қиратты

Камила Долаева Журналист
© КТК

Күйінген көпшілік Қорғастағы қойманы қиратты. Алматы облысында бір топ адам Қытаймен шекарадағы бекеттің зат сақтайтын бөлігінің темір қабырғасын құлатып ішіне кірген. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар, - деп хабарлайды КТК тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Күйінген көпшілік Қорғастағы қойманы қиратты. Алматы облысында бір топ адам Қытаймен шекарадағы бекеттің зат сақтайтын бөлігінің темір қабырғасын құлатып ішіне кірген. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар, - деп хабарлайды КТК тілшісі. 

Әлеуметтік желіде тараған бейнероликтен ашуға булыққандардың адам бойынан биік дарбазаны аяқпен теуіп тас-талқан еткенін көруге болады. Оларға нысанның күзетшілері мен полиция қызметкерлері де тосқауыл бола алмады. Оқиға "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының уақытша зат сақтау қоймасында болған көрінеді. Көпшіліктің айтуынша, мұнда кеденнен өтпей қараусыз қалған тауар әкелінеді. Иесі табылғанша осында сақталады. Кеше 10 тонна тауар жеткізіліпті. Қоймаға адамдардың ентелеп, қоршауды бұзып кіруіне не түрткі болғаны қазір анықталып жатыр. Облыстық полиция департаменті осы жайтқа қатысы бар адамдардың жауапкершілікке тартылғанын жеткізді.

Реклама
Реклама

"Оқиға орнына барған полицейлер және прокуратура қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сол жерде жағдай қалпына келді. Оқыс оқиғаға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға берілді. Қойманың қоршауын бұзған 5 адам заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.

Дереккөз: КТК


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная