18 сәуір 2022 | 22:02

Ashyq әзірлеушілерінің үстінен ​​сотқа арыз түсті

Ashyq QR-жүйесін әзірлеушілердің үстінен ​​сотқа арыз түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ashyq QR-жүйесін әзірлеушілердің үстінен ​​сотқа арыз түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы бағдарламаның әзірлеушісі Виталий Пустовойтенко Facebook-парақшасында мәлімдеді.

"Біздің үстімізден сотқа арыз түсті, Ashyq-ты мемлекет меншігіне сыйға тарту шартын жарамсыз деп тануды қалайды. Жалпы, ұйқысыз түндер, жобаны тездетіп іске қосу, одан кейін түрлі жағымсыз пікірлермен күресу, мемлекет меншігіне беру және осымен бәрі бітті деп ойлаған едім. Енді міне, сотқа барып, уақыт өткізіп, бұл біздің жоба және оған билік ету өз құқығымыз екенін дәлелдеуіміз керек. Сыйға тарту шарты бойынша беруге шешім қабылдадық. Талапкердің (ЖК) уәждері маған мүлдем түсініксіз, бірақ уақыт кететіні өкінішті", - деп жазды Пустовойтенко.

Реклама
Реклама

Елордалық сот баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесіне "Ashyq платформасы" бағдарламалық қамтамасыз етуді" қосу жөніндегі іс-әрекетін заңсыз деп тану туралы әкімшілік талап бойынша іс қазір Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының өндірісінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная