ПОДЕЛИТЬСЯ
22 желтоқсан 2021 | 14:20
Ashyq деректері салық органдарына беріледі деген ақпаратқа министрлік жауап берді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ashyq деректері басқа мемлекеттік органдарға беріледі деген ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ashyq деректері басқа мемлекеттік органдарға беріледі деген ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде жеке кәсіпкерлер салық қызметінен клиенттерге берілген чек саны Ashyq жүйесі деректерімен сәйкес келмейтіні туралы хат алды деген ақпарат тарады. Кәсіпкерлер пікірінше, "Ashyq деректерін цифрлық даму министрлігі салық органдарына береді". Ал министрлік басшысы Бағдат Мусин олай емес екеніне сендірді.
Ақпаратты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдері түсіндіріп берді.
"БАҚ-та және әлеуметтік желілерде таралған Ashyq деректері басқа мемлекеттік органдарға беріледі деген ақпаратқа қатысты. Ashyq COVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында құрылды. Ashyq енгізілгеннен бері қосымша мақсаты өзгерген жоқ. Бір жылдан аса уақыттан бері Ashyq карантин шаралары кезінде қызметті жалғастыруға мүмкіндік берді. "ҰАТ" АҚ қоғам және әлеуметтік желілерді пайдаланушылар пікірін ескере отырып, негізгі бизнес-процестерді қайта қарадық. QR-кодты сканерлеу кезінде пайдаланушының ЖСН-і деректер базасында сақталмайды, яғни Ashyq нақты тұлғаның нақты мекемеге кірген-кірмегені туралы ақпаратқа ие емес. Деректер сақталмайды, сәйкесінше ешқайда берілмейді", - деп түсіндірді ЦДИАӨМ өкілдері тілшіге.
Ведомство мәліметінше, "тек келушілер саны туралы деректер" сақталады. Бұл коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде жоба "көшбасшылары" мен "сырттан келгендерді" анықтау үшін енгізілген.
Ол дерек кәсіпкерге де, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерге де беріледі. Дәл осындай мәлімет әкімдік сайттарында да бар.
"Мемлекеттік кірістер комитетінің бизнес өкілдеріне таратқан хатына қатысты: ол ЦДИАӨМ-мен келісілмеген, оның үстіне ЦДИАӨМ ешқандай жеке деректерді ұсынған жоқ", - деп толықтырды министрлік өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также