24 мамыр 2021 | 15:27

Ashyq жүйесінде ақау неден шыққаны анықталды

Фото: gov.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі мице-министрі Әсет Тұрысов Ashyq қосымшасындағы ақау үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі мице-министрі Әсет Тұрысов Ashyq қосымшасындағы ақау үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ashyq" жүйесі жұмысындағы техникалық проблемалар мобильді қосымшаға мүліктік құқықтарды мемлекетке беру бойынша толық сүйемелдеу және операторға бейімдеуге байланысты туған.

"Ashyq-та соңғы күндері болған сәтсіздіктер мен техникалық ақауларға қатысты. Адамдарға қолайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз. Бұрын ескертіп айтқанымыздай мемлекет Ashyq жүйесін қабылдады. Соңғы күндері толық көшу және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" операторына бейімде жұмысы жүрді. Енді техникалық мәселелерді ұлттық оператор қадағалайды. Барлық жоғары санатты маман жүйенің жұмысын қамтамасыз етеді", - деді Әсет Тұрысов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 20 мамырдан бері Ashyq қосымшасының жұмысында мәртебені анықтау бойынша техникалық ақаулар байқалды. Ақау шыққан кезде жедел түрде пайдаланушыларға балама әдіс - Aitu қосымшасы ұсынылды. 22 мамырда қосымша жұмысында тағы да проблемалар туындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная