11 тамыз 2021 | 10:45

Ashyq қатысушыларына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беру ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов Ashyq жобасының қатысушыларына демалыс күндері "қоңыр-қызыл" аймақта жұмыс істеуге рұқсат беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов Ashyq жобасының қатысушыларына демалыс күндері "қоңыр-қызыл" аймақта жұмыс істеуге рұқсат беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздің көмегіңізді талап ететін бірқатар шешілмеген мәселе бар. Біріншіден, жобаның адал қатысушыларын ынталандыру мақсатында, оларға демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берулеріңізді сұраймыз. Жаңа бастағандарға сенбі күні сағат 22.00-ге дейін, ал Ashyq жобасының "көшбасшыларына" сағат 00.00-ге дейін "қоңыр-қызыл" аймақта жұмыс істеуге рұқсат беруді ұсынамыз.

Екіншіден, 10 тамыздан бастап қызметкерлерді бірінші компонентпен вакциналау міндеттеледі. Бұл ретте мониторингтік топтардың соңғы үш ай ішінде ауырып, жазылған адамдарға және тексерудің нақты алгоритмі бекітілмеген медициналық жетегі бар адамдарды қалай тексеретіні белгісіз", - деді Әбілшайықов Үкімет отырысында.

Өңірлердегі сәйкессіздіктер мен ауытқуларға байланысты, кәсіпкерлер палатасы Ashyq жобасы бойынша бас мемлекеттік санитария дәрігердің бірыңғай қаулысын белгілеуді ұсынды.

Реклама
Реклама

"Бұған дейін бұл ұсынысты бас мемлекеттік санитария дәрігер қарастырған, бірақ ерекшелік - "қызыл". Осы талапты "қызыл" аймақтарға таратуды сұраймыз", - деді Нариман Әбілшайықов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная