ПОДЕЛИТЬСЯ
01 маусым 2021 | 09:41
Ashyq-та қосымша жеңілдіктері бар көшбасшылар болады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq қолданушылары арасында қосымша жеңілдіктері бар көшбасшылар пайда болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq қолданушылары арасында қосымша жеңілдіктері бар көшбасшылар пайда болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ashyq жобасын енгізудің оң әсерін ескере отырып, Атамекен ҰКП-мен бірлесіп жоба көшбасшыларын ынталандыру критерийі әзірленді. Осылайша жоба көшбасшылары қызмет түріне байланысты екі апта ішінде нысандағы тіркелімдер саны бойынша анықталады", - деді Цой Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, бұл тәсіл Нұр-Сұлтан мен Республикалық маңызы бар қалаларға басымдық береді.
"Ashyq жобасының көшбасшысы мәртебесін алған қатысушылар жұмыс уақыты мен шарттары бойынша қосымша жеңілдіктер алады, сондай-ақ Ashyq жобасына туристік сала нысандарын, білім беру орталықтарын, балаларды сауықтыру ұйымдарын қосу пысықталып жатыр", - деді Цой.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также