21 қазан 2021 16:02

Ashyq-тағы мәртебесін өзгелер арқылы тексерткен алматылықтар анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда оқшаулану режиміндегі тұрғындар телефонын туыстарына беріп, Ashyq-тағы мәртебесін тексерткен. Бұл туралы Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда оқшаулану режиміндегі тұрғындар телефонын туыстарына беріп, Ashyq-тағы мәртебесін тексерткен. Бұл туралы Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ӨКҚ-да өткен брифингте Алматы қаласының бас санитария дәрігері оқшауланған тұрғындарға нысандарға барып, Ashyq-тағы мәртебесін тексерудің қажеті жоқ екенін ескертті.

"Бүгінде оқшаулау режимін бұзғаны үшін 2700-ден аса қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жағдайда олар әртүрлі себептерді айтады. Мысалы, Ashyq-тағы мәртебесін анықтау үшін отбасы мүшесіне телефонын бергендер бар. Бірақ бұл оларды айыппұл салудан босатпайды және емханалардың мобильді топтары бұл туралы ескертеді. Мен тағы да ескертемін мәртебені тексеру арқылы білудің қажеті жоқ. Аshyq.kz сайтында тексеруге болады", - деді Жандарбек Бекшин.

Реклама
Реклама

Бекшин Ashyq-тағы мәртебені қосымшадағы профиль бөлімінен және халыққа қызмет көрсету бөліміндегі танымал банк қосымшасынан тексеруге болатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram