ПОДЕЛИТЬСЯ
04 маусым 2024 | 10:53
Асқар Құлыбаевтың мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды
Асқар Құлыбаевтың мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Асқар Құлыбаевтың мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураға сілтеме жасап.
Алматы қаласы прокурорының талап-арызы бойынша, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан, құны 66 миллион АҚШ доллары болатын ауданы 134 гектар мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды.
"Талап-арыз Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қоюы нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мақсатында берілген. Анықталғандай, 2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған", - делінген хабарламада.
2024 жылдың 26 ақпанында Маңғыстау облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, сот актісі заңды күшіне енді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также