28 маусым 2020 11:06

Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Премьер-Министр Асқар Мамин қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп xабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-Министр Асқар Мамин қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп xабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Құрметті БАҚ қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Реклама
Реклама

Журналистика - өте қызықты әрі жауапты мамандық. Сіздер күнделікті еңбектеріңізбен елімізде және шетелде болып жатқан оқиғалар туралы халықты және билік органдарын ақпараттандырасыздар, қоғамдық пікір мен адамгершілік құндылықтарын қалыптастырасыздар. Қоғамдық бақылау функциясын орындай отырып, биліктің барлық тармағының жұмысын жетілдіру мен оның тиімділігін арттыруға ықпал етесіздер.

Қазіргі қиын уақытта сіздер еліміздегі ахуал туралы жұртшылыққа уақытылы әрі шынайы ақпаратты жеткізе отырып, коронавирус пандемиясымен күрестің алдыңғы шебінде қызмет етіп жүрсіздер.

Сіздердің адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Қазақстандық БАҚ-тың барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, табыс пен амандық тілеймін!", - делінген құттықтауда. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram