ПОДЕЛИТЬСЯ
08 тамыз 2019 | 17:20
Асқар Мамин Қырғызстанға барады
Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Қырғызстанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ертең, 9 тамызда Асқар Мамин Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады.
ЕАҮК отырысының күн тәртібінде ішкі нарықтың жұмыс істеуі, өнеркәсіптік кооперация, технологиялар трансфері, ауыл шаруашылығы, кедендік әкімшілендіру, көлік және логистика, трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл салаларында Одақ аясындағы интеграциялық процестерді одан әрі дамыту мәселелері қаралады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінің басшыларын Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков қабылдайды деп жоспарланып отыр.
Показать комментарии
Читайте также