15 қараша 2021 | 14:25

Асқар Мамин: Ревакцинация жасатамын

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото:primeminister.kz

Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусқа қарсы ревакцинация жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусқа қарсы ревакцинация жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Міндетті түрде ревакцинация жасатамын. Тіпті осы аптада немесе келесі аптада алуға тырысамын. Маусымда бірінші "Спутник V" вакцинасын алдым, қазір Pfizer, біздің QazVac және қытай вакциналары бар. Қазір тізімі кеңейді. Кеңес аламын, әлі шешпедім. Алғашқы вакцинациядан кейін 6-8 ай қажет", - деді Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірлесіп, азаматтарды коронавирусқа қарсы ревакцинациялау тәсілдерін әзірлегені хабарланды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Ревакцинацияны 6-9 айдан кейін жасау ұсынылды, оның ішінде: 

  • векторлы вакцина (Спутник) салдырғандарға - 9 айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ-вакцина (Pfizer) салу ұсынылады;
  • инактивтелген вакцина (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) салдырғандарға - 6 айдан кейін векторлы (Спутник) немесе м-РНҚ-вакцина (Pfizer) салдыру ұсынылады;
  • м-РНҚ вакцина (Pfizer) салдырғандарға - 6 айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлы (Спутник) вакцина салдыру ұсынылады;
  • вакцина курсынан кейін коронавирус жұқтырғандарға - аурудан айыққаннан кейін үш айдан соң салдыру ұсынылады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная