03 қараша 2019 | 09:59

Асқар Мамин Ташкентте ШЫҰ аясында кімдермен кездесті?

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкіметтер басшылары кеңесінің (ҮБК) 18-ші отырысына қатысу үшін Ташкент қаласына жасаған сапары аясында бірнеше әріптесімен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкіметтер басшылары кеңесінің (ҮБК) 18-ші отырысына қатысу үшін Ташкент қаласына жасаған сапары аясында бірнеше әріптесімен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ташкент қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, транзиттік-көлік және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды. 2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ҚР мен ӨР арасындағы өзара сауда-саттық 25 пайызға 2,6 миллиард долларға дейін өсті. Алдағы жылдары тауар айналымын 5миллиард долларға дейін жеткізу жоспарда бар.

Реклама
Реклама

Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Үкіметтер басшылары кеңесінің 18-ші отырысына қатысты. Шағын құрамдағы кездесу барысында ҚР Премьер-Министрі ШЫҰ Даму банкін және ШЫҰ дамыту қорын құру бойынша жұмыстарды жандандыруды, Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара есептесулерінде ұлттық валюта үлесін арттыру жөніндегі "Жол картасын" бірлесіп әзірлеуді, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қаржы министрлері мен орталық банктерінің басшыларының кездесулерін қайта жаңғыртуды ұсынды.

Кеңейтілген құрамдағы отырыста Қазақстан Үкіметінің басшысы ШЫҰ, ЕАЭО, АСЕАН және ЕО арасындағы көпжақты диалог форматында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту қажеттігін баса айтты. Асқар Мамин ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерді АХҚО алаңын жаңа қаржы өнімдері мен технологияларын тестілеу үшін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар ҚР премьер-министрі Цифрлық экономиканы дамыту жөніндегі кеңесті құру бастамасын көтерді.

ШЫҰ ҮБК шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарының қорытындылары бойынша 14 құжат қабылданды, оның ішінде бірлескен коммюнике, Көпжақты сауда-экономикалық ынтымастастық бағдарламасының жаңа редакциясы, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің теміржол көлігі саласындағы теміржолда әкімшілендірудегі Өзара іс-қимыл тұжырымдамасы, ШЫҰ Экономикалық сараптау орталықтары консорциумының регламенті, ШЫҰ Қалаларының экологиялық қолайлылығын дамыту бағдарламасы және т.б. бар. 

Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысына қатысу үшін Ташкент қаласына жасаған сапары аясында Ауғанстан Премьер-Министрі Абдулла Абдулламен екіжақты кездесу өткізді. Кездесуде ҚР-ның АИР-мен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығы, қазақстандық бизнестің Ауғанстанның энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі және мұнай-газ өнеркәсібі, көлік саласын дамытуға қатысуы мәселелері қаралды. Тараптар екіжақты және аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша диалогты дамыту туралы келісімге келді. 

ШЫҰ ҮБК алаңында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен екіжақты кездесу өткізіп, онымен сауда-экономикалық, индустриялық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу, электронды сауда, АХҚО дамыту салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная