10 ақпан 2020 | 19:13

Асқар Мырзахметов Жамбыл облысы әкімі қызметінен кетті

© Тұрар Қазанғапов

Асқар Мырзахметов Жамбыл облысы әкімі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Асқар Мырзахметов Жамбыл облысы әкімі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Мырзахметов Асқар Исабекұлы Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Осыған дейін облыс әкімі қызметінде 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Көкірекбаев Кәрім Насбекұлы болған. 

Еске салайық, 2017 жылы желтоқсанда Асқар Мырзахметов ҚР премьер-министрінің орынбасары және Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды. 2016 жылдың мамырында Асқар Мырзахметов Мемлекет басшысының бұйрығымен Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған болатын.

Асқар Мырзахметов бұған дейін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді. 2009-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2007-2009 жылдары "Оңтүстік" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Сонымен қатар, әр жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды, 2005-2006 жылдары ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды. 

2018 жылы 10 қаңтарда ол Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған еді

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная