ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қыркүйек 2019 | 13:53
Асқар Шәкіров Сенат вице-спикері болып тағайындалды
Асқар Шәкіров Сенат төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Асқар Шәкіров Сенат төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Асқар Шәкіровті вице-спикер қызметіне Дариға Назарбаева ұсынған. Сенаторлар оның ұсынысын бірауыздан қолдаған.
"Өзімнің конституциялық құқықтарымды пайдалана отырып, Сенат төрағасының орынбасарлығына Шәкіров Асқар Оразғалиұлының кандидатурасын ұсынамын. Өздеріңіз білетіндей, Асқар Шәкіров - белгілі мемлекет және қоғам қайраткері. Көптеген уақыт бойы әртүрлі саяси лауазымдарда қызмет етті. Оның ішінде: елші, сыртқы істер министрінің орынбасары, Кеден комитетінің төрағасы, сонымен қатар омбудсмен болды. Аталған лауазымдарда жоғары дәрежеде қызмет етті. Заң ғылымдарының кандидаты, ағылшын, қытай тілдерін жетік меңгерген. Өз ісінің тәжірибелі маманы", - деді Дариға Назарбаева.
Асқар Шәкіров 956 жылы Қарағандыда дүниеге келген. 1990 жылдары Ішкі істер министрлігінде қызмет еткен. 1995-1996 жылдары Қазақстанның Кореядағы уақытша сенімді өкілі болған, арнайы миссияларда елші қызметін де атқарды.
1998-2004 жылдар аралығында Қазақстанның Үндістандағы елшісі қызметін атқарды. Бірнеше рет Сыртқы істер министрлігінде вице-министр болған.
Показать комментарии
Читайте также