03 ақпан 2021 | 10:45

Асқар Тынысбеков Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болды

Асқар Тынысбеков / primeminister.kz

Асқар Тынысбеков ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Асқар Тынысбеков ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

ҚР сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Асқар Станиславұлы Тынысбеков ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Реклама
Реклама

Асқар Тынысбеков 1964 жылы Алматы облысында туған. 1984 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын, 1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, 2005 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы Талдықорған қаласы трестінің спорт нұсқаушысы болып бастаған. Әр жылдары балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы-оқытушы, дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы, педагогикалық бөлімнің нұсқаушысы болып жұмыс істеді.

1991 жылы ҚР мемлекеттік органдарында еңбек жолын бастады. 1991-1992 жылдары - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясы шаруашылық органдарының салық салу бөлімінің мемлекеттік салық инспекторы.

1992-1994 жылдары - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Қаржылық бақылау комитеті бөлімшесінің бас бақылаушы-ревизоры.

1994-1996 жылдары - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша ҚР Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің бөлімшесінің бас бақылаушы-ревизоры.

1996 жылы - ҚР ҚМ жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша бөлімшесінің бас бақылаушы-ревизоры.

1996-1998 жылдары Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша салық инспекциясында жұмыс істеді.

1998-2000 жылдары - Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары.

2000-2002 жылдары - ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы.

2002 жылдан 2019 жыл аралығында ҚР Қаржы министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2019 жылғы қазаннан бастап қазірге дейін ҚР сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная