Асқароғлының ісі: Сот баланың жауаптарын ескермейтін болды

07 Тамыз, 09:12
0
Асқароғлының ісі: Сот баланың жауаптарын ескермейтін болды - © Almaty.tv.
© Almaty.tv.

Алматыда "өз ұлын өлімші етіп сабады" деп айыпталған Мұрат Асқароғлының ісіндегі тәуелсіз сарапшының қорытындысы жоққа шығарылды. Сот баланың басына 3D технологиясымен зерттеу жүргізген сарапшының тұжырымын іс материалдарына тіркеуден бас тартты, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол осыған дейін бала жарақатты жол апатынан алған деп мәлімдеген еді. Бірақ жантүршігерлік жайттан соң балаға ота жасаған дәрігер де сарапшының қорытындысына күмән келтірді. Себебі нейрохирург тәуелсіз маман ұсынған баланың бассүйегінің суреттері отаға дейін түсірілгенін айтты.

"Бірден айтайын, бұл отаға дейін түсірілген. Олай дейтін себебім, өйткені сүйек сынығы көрініп тұр", - деді Алматы қалалық "Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының" дәрігері Мұхтар Ибрагимов.

Телеарнаның мәліметінше, дәрігер зардап шеккен баланың жарақатының нақты неден болғанын дөп басып айта алмады. Есесіне оның басынан басқа жерінің барлығы сау еді деп мәлімдеді. Сондай-ақ, бүгін тергеу кезінде жеткіншекпен жұмыс істеген психологтан да жауап алынды. Маман кішкентай Мұхаммедтің есінде сол күнгі сұмдық еміс-еміс қалғанын айтты. Бүлдіршін психологқа тек өзін қара түсті көлік қақты деп қысқа қайырған екен.

"Бала өзін машина қаққан соң біреудің төсекке жатқызғанын және көзін ашқанда бірінші әкесін көргенін жеткізді. Қазіргі уақытта Мұхаммед Асқароғлы басынан өткен жайтқа байланысты ешқандай артық жауап бере алмайды. Баланың ақыл-есі әлі дұрыс дамымаған және кішкентайлар барлық жайтты тез ұмытады", - деді Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институтының психологы Әлия Мұхамәди.

"Айтыңызшы, кішкентай балаға "осылай айт" деп үйрету мүмкін бе? Оған "осылай айт" деп құлағына құю мүмкін бе? Әдетте балалар шындықты айтады ғой қашанда?", - деді Асқароғлы шырылдап.

Алматыда баласын таспен ұрған ер адам сотта жылап жіберді

Айта кетейік, "өз ұлын өлімге қиды" деп айыпталған Мұрат Асқароғлының соты алқабилердің қарауымен өтіп жатқанына жарты жылдан асты. Ал жантүршігерлік жайт былтыр шілдеде болған еді. Шығыс айналма тасжолының бойындағы тал түбінде ес-түссіз жатқан 4 жасар бала табылған болатын. Бастапқыда полицейлер баланы көлік қақты деген болжаммен, жоқ жүргізушіні ұзақ іздеген еді. Артынша баланың туған әкесінің қолына кісен салынды. Ол ұлын "мазамды алғасын ұрдым" деп кінәсін мойындаған еді. Алайда сот басталғанда Асқароғлы алғашқы жауабынан айнып, мұндай іске бармадым деп азар да безер болды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай