04 шілде 2023 | 13:15

"Әскер - колония емес". Қорғаныс министрі Тұрлыхановтың ұлының қашып кетуіне қатысты пікір білдірді

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Коллаж: olympic.kz, видео кадры, gov.kz,

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімет кулуарында журналистердің сауалдарына жауап берген министр Нұрасыл Болаттың тәрбиесіне қатысты ойын айтты.

Реклама
Реклама

"Әскери бөлімге оралғаннан кейін Нұрасыл Болат өз еркімен кетіп қалған. Бұл тәртіптік теріс қылық болып табылады және тәртіптік жарғыға сәйкес ол жазаға тартылады. Әскери қудалау органының шешіміне сәйкес ол қолбасшылықтың бақылауында болды және өзі шығып кеткен. Әскер - қылмыскерлерді ұстауға арналған колония емес. Бұл тәрбиеде кеткен кемшіліктер, білесіз бе? Біз тәрбиедегі кемшіліктерді түзете алмаймыз, ол мүмкін емес. Бізде басқа функция бар", - деді министр Жақсылықов.

Еске сала кетейік, заңгер Анна Чернова Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткенін айтқан еді.

Дәулет Тұрлыханов 2023 жылдың наурыз айынан бастап Мәжіліс сайлауынан кейін депутат болды. Қазір ол Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Ақпан айында Алматыда белгілі заңгер Олег Черновтың соққыға жығылғаны туралы ақпарат пайда болды. Оқиға туралы оның қасында болған және де жарақат алған әйелі Анна айтып берді. Ерлі-зайыптыларға шабуыл жасаған Нұрасыл Болат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екенін мәлімдеді. Тұрлыханов тілшімізге Алматыда заңгерлерге шабуыл жасады деген күдіктінің оның ұлы екенін растады. Алматы қалалық полиция департаменті бұл деректі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркеді.

Кейін, Нұрасыл Болат адвокатты ұрған күні ол Отан алдындағы борышын өтеп жатуы тиіс еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная